Текст

Сәлеметсіздер ме!
Сіздерге Лозовое орта мектебінің ұжымының атынан сәлем беріп, мектеп сайтымен таныстырып отырған осы мектептің директоры Журавецкая Инна Андреевна. Еліміздің болашағы жас ұрпақ деп ойлайтын әрбір жан үшін, бала тәрбиесі басты мәселе. Біздің мектеп сайтында осы бала тәрбиесі, оқу үрдісі туралы ақпараттарды көре аласыздар. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігінің бірі АКТ-ны игеру. АКТ-ны игерген мамандар мен оқушыларды көргіңіз келсе, тәжірибе алмасқыңыз келсе біздің айтқа кіріңіз. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс, кәсіби шеберлік, озық ой, қызықты идея тілейміз.
09.12.2025
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ КАБИНЕТІНДЕГІ ҮЗІЛІСТЕР
Мектебімізде оқушылар кез келген уақытта педагог-психолог кабинетінде үзіліс өткізе алады. Мұнда балалар демалып, эмоционалдық күйзелісті төмендетіп, дамытушы ойындар ойнап, тыныш әрі достық атмосферада болу мүмкіндігіне ие.
Мұндай шағын үзілістер оқушыларға...
25.11.2025
«Менің күшті жақтарым және даму аймақтарым»
5 «Б» сыныбында педагог-психологпен «Менің күшті жақтарым және даму аймақтарым» атты дамыту сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың өзін тану дағдыларын қалыптастыру, жеке қасиеттерін талдау және өз ресурстарын көруге мүмкіндік беру.
Оқушылар...
25.11.2025
Лозовое ауылының жалпы білім беретін мектебінде 7–8 сынып оқушылары үшін пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді! Бұл – өз білімін сынап көруге, қабілеттерін көрсетуге және олимпиаданың келесі кезеңіне дайындалуға тамаша мүмкіндік. Барлық қатысушыларға зор сенімділік, зейін және жарқын жеңістер тілейміз! Әр оқушы өз мүмкіндігінің ең үздік нәтижесін көрсете алсын!
17.11.2025
«Нағыз доссың ба?»
2 «Б» сыныбында педагог-психологпен «Нағыз доссың ба?» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Біз нағыз достық деген не, бір-бірімізді қалай қолдау керектігі және неге мейірімді, мұқият әрі шынайы болу маңызды екенін үйрендік.
Оқушылар ойындар ойнап, өз ойларымен...
10.11.2025
«Туған күніңмен, КВН!»
2025-2026 оқу жылына арналған Жақсы ауданы мектептері арасында 7 қараша күні «Туған күніңмен, КВН!» атты мектепішілік КВН лигасының фестивалі өтті. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша ұйымдастырылды.Біздің мектептен...
24.10.2025
23 қазан күні ЖОББМ «Лозовое» КММ-де Республика күніне орай салтанатты лейнка өтті. Іс-шара барысында «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 1–5 сынып оқушыларын қабылдау рәсімі өткізілді. Оқушыларға салтанатты түрде көк галстук тағылып, ант қабылданды.
13.10.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық бастамасы аясында салынған заманауи білім ордалары — еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық маңызды жоба. Бұл мектептер қазіргі заманның талаптарына сай, озық білім беру технологияларымен, цифрлық инфрақұрылыммен және инновациялық оқу әдістемелерімен жабдықталған.
08.10.2025
"Дублерлер күні"
Мектепішілік өзін-өзі басқару күні сәтті өтті. Оқушылар бір күнге мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің қызметін атқарып, өздерін жаңа қырынан танытты.
Жауапты: Аға тәлімгер Копеева Ф.Б
16.09.2025
«Адал азамат – бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты іс-шара ұйымдастырылып, үзіліс уақытында оқушылар арасында ұлттық ойындар ойнатылды. Бұл шара оқушыларды ұлттық құндылықтарды бағалауға, белсенділікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.
09.09.2025
2 қыркүйек күні 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтті. Тақырыбы: "Менің Отаным – Қазақстан" Мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік, ел тарихына, мәдениетіне және мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру.