Текст
27.12.2025
26 желтоқсан күні мектебімізде жарқын да әсерлі жаңа жылдық іс-шаралар өтті.
Даярлық сыныбы – 4-сынып оқушылары үшін «Қысқы ертегі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен, Аяз ата мен Ақшақармен кездесіп, ойын ойнап, ән айтып, би билеп, нағыз қысқы ғажайыптың атмосферасын сезінді. Әр бала өзін шынайы жаңа жылдық ертегінің кейіпкеріндей сезінді.
Ал 5–11 сынып оқушылары үшін 90-жылдар стиліндегі жаңа жылдық кеш өтті. Оқушылар сол кезеңнің рухын жеткізетін образдар, билер, әндер мен қойылымдар дайындап, кешті ерекше көңілді әрі есте қаларлық етті.