КММ Лозовое ауылының ЖОББМ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай 1-11 сыныптары аралығында «Елбасы-ел мақтанышы», «Елбасы мұраты-ел бақыты», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыптарында мектепішілік ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбие сағаттары ҚР әнұранымен басталды. Оқушылардың барлығы өз білімдерін көрсетті, ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе біліп, сабақта белсенділік танытты.