Өз білімін жетілдіру педагогтың кәсіби қызметінің қажетті шарты болып табылады. Өз білімін жетілдіруге қызығушылықты арттыру мақсатында КММ Лозовое ауылының жалпыорта мектебінде «Өзін – өзі жетілдіру» тақырыбында мұғалімдер арасында семинар өткізілді. Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін–әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.