«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лозовое отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл мерекесі»

22.09.2020

Лозовое орта мектебінің
«Тіл мерекесі» күніне арналған іс- шаралар жоспарының есебі.
Лозовое орта мектебінде Тіл мерекесіне орай 9-қыркүйектен  20-қыркүйек аралығында онкүндік аталып өтілді.Әдістемелік бірлестік жетекшісі Бектемирова Қарлығаш Жангожиновна онкүндіктің ашылғандығын хабарлап,жоспармен таныстырды.
Онкүндікке арналып іс-шаралар ұйымдастырылып мектеп оқушылары барлығы бір жұдырықтай жұмылып қатынасты.Іс-шаралардың барлығы дерлік қойылған өз уақытымен тиянақты әрі қызықты өткізілді.
  
"Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы " (шығармашылығы бойынша ) 5-8 сынып оқушылары арасында сайыс өтті. Оқушылар сайыста Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Олар: 8б сынып-Кондратюк Янина, 7а сынып-Әділбек Ділназ, 6а сынып оқушылары Әділбек Нұрғиса және Максумбаева Гүлдана, 5 б сынып оқушысы Шиапова Камила.
  
  
Лозовое орта білім беру мектебінде  жоспар бойынша Тіл мерекесіне арналған5 сыныпта «Полиглот» сайысы өткізілді. 
Сайыстың мақсаты:   Оқушылардың  тіл біліміне деген қызығушылығын арттыру.Үш тілде сөйлей алатын, жас полиглоттарды тәрбиелеу болды.
Бірінші сайыс Сұрақтарға жауап беру болды. Әр оқушыға қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінен сұрақтар қойылды. Оқушылар үш тілде жауаптарын айта алды. Екінші сайыс «Жұмбақ шешу». Оларға жұмбақтар жасырылып, жауаптары үш тілде айтылды. Сайыс соңында  сайыскерлер Мақал – мәтелдерді үш тілде толықтырды. Әділ-қазылардың шешімімен «Полиглот» сайысын жеңген  5 сынып оқушысы Серікбай Жансая марапатталды.

  
«Тіл тағдыры - халық тағдыры», 6 Б сынып оқушылары арасында
Іс-шараның мақсаты:
     Біздің елімізді мекендеген әр түрлі ұлттардың тілдерінің әртүрлілігі мен сұлулығын және олардың Қазақстан халқының отбасында бірлігін көрсетуі.
Іс-шараның тақырыбы - «Тіл тағдыры - халық тағдыры». Бұл өзара байланысты екі ұғымды бөлек қарастыру мүмкін емес. Ана тілінің барлық көріністерінде болмауы, ұлт бірлігінің негізі ретінде, оның кең мәдениеті мен бай тарихы бар толыққанды халықтың өмір сүруі.
  Ең басында біз Молдахметов Жандостың И.С.Тургеневтің «Ана тілі» өлеңімен сөйлеген сөзін тыңдадық.
    Әрі қарай оқушылар мұғалімнің: «Біз бүгінгі іс-шараны өткізген мереке қайдан басталды?»- деген сөзін мұқият тыңдады. Олар белсенді қатысты, талқылады, сұрақтар қойды. Іс-шара соңында әр оқушы тіл, сөйлеу және сөз туралы мақал-мәтелдерді еске алды.
  
9-11 сыныптар аралығында ««Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»» тақырыбында шығармалар сайысы өтті. Шығарма сайысында 10 сынып оқушылары қатысты Ощаповский Станислав, Святненко Алина, Серветник Ванесса және Буховец Яна.Сайыстың жеңімпазСерветник Ванессаболды.Онкүндік барысында өткен іс-шаралардың анализі жасалып, онкүндікке белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
  
  
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі», («Мәңгілік ұлттың мәңгілік тілі») тілдер онкүндігі аясында 14 қыркүйекте орта мектеп оқушылары арасында ұлы Абай, Байрон өлеңдерін ағылшын тілінде мәнерлеп оқудан байқау өтті.
  8 «Б» сынып оқушылары - Ефименко Ирина, 9 «Б» -Ракович Кристина, 10«Б»-Серветник Ванесса ағылшынша өлеңдерін оқыды:Джордж Гордон Байронның «Менің жаным қараңғы», «Қара көзің».
қызығушылық танытып, ұлы ақындардың шығармашылығын, тілін, тілектерін қозғап қыздар байқауға қатысты.Абайдың тіл туралы даналық сөздерін жүзеге асырды. Байқау шығармаларды қалай оқу керектігін, нелерге көңіл бөлу керектігін, ақындардың сезімдерін қалай жеткізуге болатындығын және әрине есте сақтау қабілетін дамыту, тілді үйрену қажеттілігін көрсетті. Барлық қатысушылар байқауға белсенді қатысқаны оқушылар марапатталды.

 
15 қыркүйек күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бектемирова К.Ж.,5-7 сынып арасында «Дана Абай туралы не білеміз?» онлайн түріндн сайысы  іс -  шара өткізді.
  
  
«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атпен 2-4 бастауыш сынып оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысын  көркемөнерпаздар байқауы  үш тілде өткізілді.Әділ қазылар шешімімен қатысқан оқушылар марапатталды.
    
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Бектемирова Қарлығаш Жангожиновна
2020-2021 оқу жылы

Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст