Текст
Оқушылардың білімге деген құштарлығын, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, жауапкершілік пен өзара сыйластықты қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік, шабыттандыратын атмосфераны қалыптастыру, сондай-ақ жаңа оқу жылының ашылуына орай алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. «Лозовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Мектебім – мейірім мекені» саптүзеуі өтті. Салтанатты шараға келген қонақтар: Жақсы ауданының әкімі А.А.Кадралина, Жақсы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Е. Қадырова, «Түгел-С» ЖШС атқарушы директоры К.Е.Тұрғынбаев, педагогикалық еңбек ардагерлері.