Текст
08.01.2026
Қысқы демалыс — қызыққа, қуанышқа толы уақыт!
Қысқы демалыс кезінде оқушыларымыз белсенді демалып, таза ауада уақыт өткізіп, спортпен айналысып, шығармашылықпен шұғылданды. Балалар шаңғы тепті, шанамен сырғанады, қардан мүсіндер жасап, жаңа жылдық көріністерге қатысып, кітап оқып, отбасымен бірге уақыт өткізді.
Бұл демалыс балаларға жаңа күш, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады. Осындай сәттер оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да ықпал етеді.
Барша оқушыларға алдағы оқу тоқсанына сәттілік тілейміз!